Атырау, 25 сәуір 05:06
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жол ортасына сымарқан тартылады

2 644 просмотра


Атырау қалалық бюджетінен Әбілқайыр хан даңғылының (әуежай трассасы) ортасына сымарқаннан қоршау жүргізу үшін 143 млн теңге бөлінді.

Болат сымарқан тарту жоспарланған учаскенің ұзындығы - 4 км. Мақсат - көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автокөліктің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуіне жол бермеу. Биіктігі 1 метр қоршау – араларына металл сымдар тартылған тіреулерді білдіреді. Бейресми нұсқа бойынша, сондай-ақ, бұл әуежайға баратын жолды жас жүргізушілер түнгі жарыс өткізетін сүйікті орындарына айналдырғандықтан да жасалып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 маусым 2018, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.