Атырау, 16 сәуір 17:26
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Қанішер «таксистер»

3 819 просмотра


Атырау қалалық №2 соты екі күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. Жақында оларды жол бойында арнайы полиция жасағының ұстаған бейнежазбасы резонанс тудырған болатын. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7- және 8-тармақтарына сәйкес жүргізілуде. Оқырмандар үшін қысқартылған «АЖ» нұсқасы бойынша – бұл «пайдакүнемдік ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру» қылмысы.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала екі тергелушінің көліктеріне отырған адамдарға шабуыл жасап, ақшасын тартып алуға келіскендігі анықталды. Жеке такси жүргізушісі ретінде олар мұнайлы астананың теміржол вокзалынан басқа жақтан келген клиентті мінгізіп алып, ол көрсеткен мекенжайға емес, элеватор маңындағы «Жөнеген» зиратына қарай алып кетеді. Сол жерде қаскөйлер жолаушысын өлімші етіп сабап, ақшасы бар әмияны мен сағатын алып кеткен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 маусым 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.