Атырау, 25 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Корея түбегіндегі туысқан екі ел әскери келіссөз жүргізіп жатыр

2 511 просмотра


Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея шекарасындағы Пханмунджом қауіпсіздік бекетінде екі мемлекет әскерилерінің келіссөзі басталды. Бұл туралы Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Мәселен, екі елдің әскери делегациясы 2007 жылдан бері алғаш рет бас қосып отыр. Тараптар кездесуде биыл 27 сәуір күні екі мемлекет басшысы қол қойған Пханмунджом мәлімдемесін жүзеге асыру жолдарын қарастырмақ.

Мақсат - Корей түбегіндегі шиеленісті бәсеңдету. Осыған орай Қорғаныс министрлері арасында жедел байланыс орнату, жоғары деңгейдегі келіссөзді тұрақты жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуларын тоқтату мәселесі де талқылануы мүмкін. 

Өйткені Сингапурде өткен саммите Президент Дональд Трамп бұл жаттығулардың шығыны мол екенін әрі түбектегі ахуалды шиеленістіріп отырғанын атап өтті.

Дереккөз: 24.kz

15 маусым 2018, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.