Атырау, 25 сәуір 17:54
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді

2 002 просмотра


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Сенат отырысынан кейін Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сыртқы қарызды Ұлттық банк санайды. Бірақ бұл біз жағдайды реттей алады немесе оған қандай да бір әсер ете алады деген сөз емес. Өкінішке қарай, біз нақты сандарды жариялаған кезде мұндай қарыздың қайдан шыққаны және Ұлттық банктің қайда қарап отырғаны жайлы сұрақтар пайда болады. Бірақ Ұлттық банк ондағы жағдайды бақылап отырады", - деді Ақышев. 

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызы бойынша жағдай тұрақты. "(...) Расында мемлекеттің қарызы аса үлкен емес, бірақ біз мұның үнемі бақылауда болуы керектігіне алаңдаулымыз. Ұлттық банк тек екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызына жауап береді. Бүгінде соңғы мәліметтерге қарағанда, банктердің қарызы 6-7 миллиард доллардан аспайды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 маусым 2018, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.