Атырау, 20 сәуір 11:03
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Қазақстан мен Оман визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды

1 821 просмотра


11 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды. 

Құжатқа Қазақстанның Омандағы елшісі Ержан Мұқаш пен Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухамед бин Юсуф бин Қасым Аз-Зарафи қол қойды. Үкіметаралық келісімге қол қойылуы екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаның жүйелі кеңейтуіне маңызды қадамы болды.

Айта кетер жайт, өткен жылы Оман Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан азаматтары АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания, сондай-ақ Шенген келісімі елдерінің визалары немесе осы елдерде тұрақты тұруға рұқсаттары бар болған жағдайда, веб-сайт арқылы туристік визаларды (е-виза) жергілікті демеушісіз ала алатын 25 елдің тізіміне енгізілді. Бұл жағдай Қазақстан мен Оман арасында екіжақты туризм саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Өз кезегінде Оман Сұлтандығы шақырусыз жеңілдетілген тәртіп бойынша қысқа мерзімді Қазақстан визасы берілетін 48 мемлекеттің қатарына кіреді. Туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Қазақстанның Омандағы елшілігінің қолдауымен ірі омандық Majan Light Travel & Tourism компаниясы мен AL Baleed Resort компаниясы өкілдерінің 2017 жылғы сәуірде Алматыға сапары ұйымдастырылды. 

Омандық компаниялардың өкілдері қазақстандық әріптестерімен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың болашақ даму жолдарын талқылады. 2017 жылғы қыркүйекте қазақстандық туристік компанияларының өкілдері Оманда қарымта сапармен болып, екі елідің туристік компаниялар арасында тығыз байланыс орнатылды.

Дереккөз: 24.kz/kz

14 маусым 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.