Атырау, 25 сәуір 01:55
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Жамбыл облысында колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

2 125 просмотра


Жамбыл облысында колониядағы жедел қызметтер басшысының орынбасары сотталушыдан пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Жамбыл облысы 158/5 мекемесінде жазасын өтеушіден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен колония басшысының орынбасары ұстады", - деді Нұрлан Жахин. 

Сондай-ақ, ол күдіктінің кінәсін толықтай мойындағанын және сол себепті қамауға алынбағанын айтып өтті. 

"Ақша сотталушыны осы мекемеде жазасын өтеу үшін жағдайын жеңілдету үішн алынған", - деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 маусым 2018, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.