Атырау, 24 сәуір 20:48
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 872 просмотра

ЖҮЗУ


Берлинде мүгедектер арасында жүзу бойынша Әлем кубогы өтті.

Атыраулық спортшы Ержан Сәлімгереев мұнда 100 метрлік баттерфляймен алтын алқа, 50 метрлік баттерфляймен күміс және 50 метрлік еркін стильде қола алтын иеленді.

Басқа бір атыраулық жүзуші - Дмитрий Ли эстафетада жеңімпаз атанды, 200 метрлік кешенді жүзуден қола жүлдегер және сол қашықтықта еркін стиль бойынша күміс жүлдегер болды.

Қазір Ержан мен Дмитрий қыркүйекте Индонезияда өтетін Параазия ойындарына дайындалуда.


КАРАТЕ

Облыстық карате-до шотокан федерациясы мен «Жолбарыс» спорт клубы балалар мен жастар арасында қалалық турнир өткізді. Жарыстар жеке ката және кумите бағдарламалары бойынша өткізілді.

Өз жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері бойынша Абат Әмірханов, Құдайберген Жұмабаев, Дамир Ибрашев, Бекзат Сайынов, Дарын Жағыпар, Айруз Балабеков, Аян Бекболатұлы, Әзиз Ардақ, Мейірбек Мардан, Әбілхан Әбуов, Нұркен Жұбанышәлі, Аятолла Абылайұлы, Нұрәлі Жеткіншекұлы, Земфира Қапанова, Аңсаған Жұмабаева, Гүлназ Өсербай, Әзиза Исабекова, Зарина Асқарқызы, Ақбота Тілекқабыл, Алина Өсербай, Рузанна Қапанова, Баян Бекболатқызы, Ақнұр Тілекқабыл, Ибрахим Қуандық, Омар Сейілбек және Рамиль Серіков турнир жеңімпаздары атанды.

14 маусым 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.