Атырау, 25 сәуір 01:12
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Зорлап шақыру

2 715 просмотра


«Ақ Жайық» газетінің журналисі Мұрат Сұлтанғалиев осыдан 8 жыл бұрын Атырауда адам өлтірген Тараздың тұрғынына қатысты сот үкімі шыққаны туралы мақала жазған. Журналист өз мақаласын жазған кезде Атырау облыстық соттың баспасөз хабарламасына және осы мекеменің баспасөз қызметкерінің «сотталған адам кінәсін мойындап, полицияға өзі келді» деген нақытылауына сүйенген.

Атырау облыстық ІІД басшылығы мақалада жазылған тұжырыммен келіспейді. ІІД басшылығының айтуынша, қылмыс полицияның жедел қызметкерлерінің күшімен ашылған, ал журналист шындыққа сай келмейтін ақпаратты жариялап, «БАҚ туралы» Заңның 21-бабының 2-тармағын бұзған.

Телефонмен әңгіме барысында ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева журналисті – демалыс күніне қарамастан, істің ақ-қарасын анықтау үшін өз мекемелеріне келуге шақырады. Ізінше телефонды алған ІІД бастығының бірінші орынбасары Хамза Үмбетқалиев «егер келмесеңіз, шақыру қағазынмен тергеуге шақырамыз», - деп ескертеді.

Журналист «тергеуге» бармайды, бірақ полиция басшылығының «қылмысты өз күшімізбен аштық» деген позициясын жариялайды.

«Әділ сөз» қорының түсініктемесі:

 Егер полиция қызметкерлері өзінің мүліктік емес құқығы бұзылды деп санаса, онда олар «арнайы шақырту қағазымен әңгімеге шақырамыз» деп қызмет бабын пайдаланып, журналисті қорқытпай, сотқа шағымдануы керек. Айтпақшы, заң шығарушылар журналистке «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 21-бабы 2-тармағын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырмаған.

Шақыру қағазымен қалай шақыру керектігі туралы ереже Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жазылған және онда процессуалдық мәртебесі жоқ адамды полиция шақыру қағазымен алдыра алады деген бап жоқ. Басқаша айтқанда, сотқа дейінгі тергеу ісі ашылмайынша, заң бойынша, полиция қызметкерлері ешкімге шақыру қағазын жібере алмайды.     

Айтпақшы, халықаралық стандарттар бойынша, ІІД-нің «демалыс күні бізге келіңіз» деген талабы азаптауға теңестіріледі.

«Әдiл сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, Алматы қ., www.adilsoz.kz

13 маусым 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.