Атырау, 19 сәуір 08:07
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Норвегия АҚШ-тан Ресеймен шекарада әскерін көбейтуді сұрады

2 076 просмотра


Норвегия АҚШ-қа елдегі америкалық теңіз жаяу әскерінің санын екі есе ұлғайтуды ұсынды. Reuters-тің хабарлауынша, бұл - Ресеймен қарым-қатынаста шиеленістің күшейтіп жіберуі мүмкін. Норвегия үкіметі 2014 жылы Қырым түбегі аннексияланған соң Ресей тарапынан төнетін қауіпке көбірек алаңдай бастаған және елдегі АҚШ теңіз жаяу әскерінің саны 700-ге дейін жеткенін қалайды.

2017 жылы қаңтарда Норвегияға қыс мезгілінде әскери қимылдар жүргізуге дайындалу үшін алғашқы америкалық контингент барған. Биыл жыл сойына қарай америкалық 330 теңіз жаяу әскері Норвегиядан кетуі тиіс болған. Бірақ америкалық әскерилерді елден шығару туралы шешім өзгерді. Норвегия сыртқы істер министрі Ине Эриксен Сорайде журналистерге бұл шешіммен елде АҚШ-тың тұрақты әскери базасы құрылмайтынын және оның Ресейге қарсы бағытталмағанын мәлімдеді. "Норвегия жерінде америкалық база жоқ, шешімді парламент қолдады" деді Сорайде.

Осло Вашингтоннан 2019 жылдан бастап 700 теңіз жаяу әскерін жіберуді сұрап отыр. Қазір Норвегияда 330 америкалық әскери қызметкер бар. Қосымша әскери бөлім Норвегияның орталығында емес, Арктикадағы Ресеймен шекаралас Тромс аймағында орналаспақ. Әскери бөлім бес жыл мерзімдік ротациямен орналасады. Бұған дейінгі америкалық әскер 2017 жылдың басында алты ай мерзімге орналастырылып, былтыр маусымда мерзімі ұзартылған. АҚШ бұдан өзге Еуропаның Ресей басқыншылығын тежеу жөніндегі бастамасы аясында Ослодан оңтүстікке қарай 65 километр жерде америкалық төрт әскери жойғыш ұшағын орналастыра алатын инфрақұрылым салғысы келеді.

Мәскеу Норвегияда АҚШ теңіз жаяу әскерін орналастыру екіжақты қарым-қатынасты нашарлатады және НАТО-ның солтүстік қапталындағы шиеленісті күшейтеді деп мәлімдеп, қарсылық танытты.

Дереккөз: azattyq.org

13 маусым 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.