Атырау, 20 сәуір 18:16
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Қаржы неге игерілмей отыр?», «”Назарбаевқа былай жаздым”», «Ешкім мұндай нәтиже шығады деп ойламаған», «Қазақстандағы ең қажетті мамандықтар мен олардың жалақысы», «Басы - тоқшылық, соңы - жоқшылық».

2 253 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ешкім мұндай нәтиже шығады деп ойламаған» - Президент Дональд Трамп Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ынмен Сингапурда кездескен соң "Америка дауысының" штаттан тыс тілшісі Грета Ван Састернмен сұхбаттасып, келіссөздің қалай өткенін, енді не болатынын айтты.

«Багаевтың деректі суреттері қалай сақталған?» - 1958 жылы қайтыс болған павлодарлық өлкетанушы фотограф Дмитрий Багаев қазақ даласындағы Ашаршылық және қуғын-сүргін жылдары түсірген деректі фотосуреттердің кейбірі сақталмаған. Олардың бір бөлігі автордың көзі тірісінде жойылған деген болжам бар. Қалған фотосуреттер енді баға жетпес ерекше жәдігерлерге айналған.

AIKYN.KZ. «Қаржы неге игерілмей отыр?» - Шамамен жүз миллиард теңгедей қаражат экономикаға жұмыс атқармай, бос жатыр. Бұл Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жария етілді. Жиында Үкімет мүшелері өткен 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджетті игерудің қорытындыларын шығарды.

ABAI.KZ. «Басы - тоқшылық, соңы - жоқшылық» - Жемқорлық жайында жүз рет жазылды, мінберлерден де мың рет айтылды. Жақсы еместігі, жалаң екені, жұпыны күйге түсіретіні де тілге тиек етілді. Өзгенің меншігіне бас сұғу, көз тігу, қол тығу қай заманда да ұрлық болып бағаланды, ұрлықтың ережесі ұр да жық, арты қылмыс, қылмыстың заңы қатал қашан да. 

ALASHAINASY.KZ. «Сейфуллиннің жарын көріп, адам сенгісіз тағдырлармен таныстым» - Өмірінің 50 жылдан астамын журналистика мен редакциялау жұмыстарына арнаған Раиса Ағыбаева қуғын-сүргін құрбандарының ішкі жан дүниесін жақсы түсінді.

365INFO.KZ. «”Назарбаевқа былай жаздым”» - Абақтыдан шыққан Анар Мешімбаева бәрін айтты. Ал керек болса! Мұндай да болады екен. Абақтыдан шыққан Анар Мешімбаева сұхбат беріпті. 

TODAY.KZ. «Қазақстандағы ең қажетті мамандықтар мен олардың жалақысы» - Кезінде сәнді әрі сұраныс жоғары болған заңгер, адвокат мамандықтарына қазір жұмыс жоқ.

QAMSHY.KZ. «Елбасы "Qamshy" ақпарат агенттігінің сауалдарына жауап берді» - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Чиңдау қаласында Қытай сапарын қорытындылап, журналистермен сұхбаттасты.


13 маусым 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.