Атырау, 20 сәуір 17:12
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ауылда кене көбейіп тұр

Сурет Бейнежазба
4 607 просмотра


Индер ауданының тұрғындары «АЖ» редакциясына мал өрісінде таскенелердің қаптап кеткенін, олардың малмен ілесіп ауылға кіріп жатқанын хабарлаған еді. Көктем мен жаз кенелердің белсенді кезеңі болғандықтан тұрғындар зиянкестерден ауру тарай ма деп қауіптенеді.


Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, дүрлігетіндей еш нәрсе жоқ, жағдай қалыпты. Ал кенелердің дәл осы ауданда неге көбейгені белгісіз.

- Мамыр айынан бері Индербор кентінде 9 баланы кене шағып, тұрғындар кенелерін алдыруға ауруханаға келген. Кенелер зертханаға тапсырылып, науқастардан қан анализдері алынған кезде зиянкес арқылы таралатын аурудың вирустары анықталған жоқ,- деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ. - Индер ауданында өткен жылы 12 адамды кене шағып дәрігерге жүгінсе, биыл бір айда 9 жағдай тіркелді. Басқа аудандарда мұндай жағдай орын алмады.  


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 маусым 2018, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.