Атырау, 24 сәуір 22:25
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сотты қылған жалғыз оқ

5 222 просмотра


Атырау облысында Құрманғазы аудандық соты аудан орталығының 21 жастағы тұрғынына ҚР ҚК 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену») бойынша үкім шығарды.

Өткен жылдың аяғында жігіт көлік жуатын орын маңынан  5,45 мм калибрлі оқ-дәрілік патрон (1974 жылы КСРО-да Калашников автоматының 1949 жылғы 7,62 патронын ауыстыру үшін жасалған) тауып алып, үйіне әкеледі. Онысы бекер болды. Бірнеше айдан кейін, яғни, биылғы 13 сәуірде оның «достарының» бірінің жасырын мәлімдемесі бойынша жүргізілген тінту барысында осы жалғыз патронды тауып алды. Сот оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын берді.

Фархат ӘБІЛОВ 

12 маусым 2018, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.