Атырау, 20 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақша үшін қызмет және қызмет орнына ақша

2 417 просмотра


ҚР Қорғаныс министрлігінің Атырау облыстық департаменті өткізген брифингте келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімінің бастығы Марат ІЗМАҒАМБЕТОВ әскери қызметке жасы 19 бен 30 жасқа дейінгі азаматтар қабылданатынын айтты.

 «АЖ» сауалдары:

- Бір кездері әскерилердің жалақысы уақытылы түспейді деген әңгімелер болды...

- Өткен жылдың басында мұндай проблеманың орын алғаны рас. Кейін жағдай реттеліп, оларға тиісті жалақысы аударылды.

Әскерден тыс даярлық бөлім бастығы Жасұлан САТЫБАЛДИЕВ уақытында белгілі бір себептермен әскер қатарына бара алмаған, бірақ әскери билет алғысы келетін кейбір азаматтар Атыраудағы әскери-техникалық мектепте оқып, құжат ала алатынын айтты:

- Оқу жасы – 24-27, оқу мерзімі - 40 күн, оқу ақысы - 263 мың теңге. Түлекке қатардағы жауынгер шені беріледі.

- Облыс көлеміндегі мектептердегі алғашқы әскери дайындық сабағында құрал-жабдықтар жетіспейді. Бұл мәселеге қаншалықты көңіл бөлінуде?

- Иә, мектептердегі алғашқы әскери дайындық сабағында материалдық базаның өте мүшкіл халде екендігін мойындаймын,- деді Сатыбалдиев. – Мысалы, мектеп аулаларында әскери дайындықтар өткізуге арналған алаңдар жоқ. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суретті түсірген автор

12 маусым 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.