Атырау, 20 сәуір 02:30
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Назарбаев пен Ши Жинпиңнің 18 кездесуі: үміт ақталды ма?», «ШЫҰ-ның стратегиялық басымдығы неде?», «Путинді шақырмаған G7 саммитінде коммюникеге қол қойылмады», «"Назарбаевтан оза алмайсың…". Кәрімов Мирзияевқа не деп кеткен?».

1 812 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Путинді шақырмаған G7 саммитінде коммюникеге қол қойылмады» - Канададағы G7 саммиті аяқталмай жатып Америка басшысының жиыннан кетіп қалуы біраз дау-дамайдың туындауына себеп болды.

«Мәйіттер 40 сантиметр тереңдікте жатыр» - Ресейдің Томск облысы Верхнекет ауданындағы Палочка ауылында сталиндік террор құрбандары - жер аударылғандар мен "арнайы қоныстанушылар" жаппай көмілген орын табылды.

365INFO.KZ. «"Назарбаевтан оза алмайсың…". Кәрімов Мирзияевқа не деп кеткен?» - Өзбекстан, кем дегенде, алдағы 20 жылда Қазақстаннан оза алмайды деген сенімде экономистер. Осы тұрғыда, олар жақында сенсациялық мәлімдеме жасаған саясаттанушы Марат Шибұтовқа кереғар пікір айтуда. 

INFORMBURO.KZ. «Назарбаев пен Ши Жинпиңнің 18 кездесуі: үміт ақталды ма?» - Қытайдан қорқу керек пе? Бұл елдің қандай әлсіз жақтары бар? Саяси-экономикалық, стратегиялық қадам сауатты жасалып жатыр ма?

«Ресейге әлем біріншілігіне бару үшін қазақстандық жанкүйерге қанша қаржы кажет?» - Үш күннен кейін футболдан әлем біріншілігі басталады. Ресей аумағына кіру қиындағанына қарамай, өтініш білдірген туристердің саны 1,5 миллионға жетті.

TURKYSTAN.KZ. «ШЫҰ-ның стратегиялық басымдығы неде?» - Шанхай ынтымақтастық ұйымының стратегиялық басымдығы саяси диалогты нығайту болып қала беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AIKYN.KZ. «Кристиан Диордың музасы болған қазақ қызын білесіз бе?» - Әбілхан Қастеев атындағы  Мемлекеттік өнер музейінде 12 маусым күні  сағат 16.00-де Париж қаласында тұратын Берлин Иришевтің жеке коллекциясынан  «Диор музасының портреті» атты бір ғана туындының көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 


12 маусым 2018, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.