Атырау, 29 наурыз 16:51
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстан мен Қытай мәдени, гуманитарлық және ғылыми байланысты нығайтуға уағдаласты

2 429 просмотра


Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин 2018 жылы 7 маусымда жасаған бірлескен мәлімдемесінде Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы мәдени, гуманитарлық және ғылыми байланыс  нығайтылатындығы атап өтілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Құжатқа сәйкес,тараптар БАҚ арасында ынтымақтастықты кеңейтуге, ғалымдармен академиялық алмасуға ықпал етуге, әдеби шығармалар мен фильмдерді аудару саласын күшейтуге, әдеби-көркем топтардың сапарларын ұйымдастыруға келісті. Ал білім, денсаулық, спорт, туризм, жастар мәселесінде іскерлік байланыстар жалғасын табатын болады. 

«Тараптар «Жібек жолы» мәдени мұра сабақтастығын сақтай отырып, өзара тиімді ықпалдастықты нығайта түседі. Сондай-ақ ежелгі ескерткіштерді қалпына келтіру, архелогиялық зерттеу жұмыстарын ынтымақтаса жүргізеді»,- деп атап өтілген мемлекет басшыларының мәлімдемесінде. 

Мұнымен қатар Қазақстан мен Қытай ғылыми-техникалық және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастық жобалары бойынша жаңа модельдерді зерттейді, ғылыми-зерттеу мекемелері және жоғары оқу орны арасында іскерлік байланыстарға жағдай туғызады.

Дереккөз: inform.kz

12 маусым 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.