Атырау, 19 сәуір 07:34
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Денсаулық сақтау министрлігі Қадір түнін өткізуге қатысты кеңес берді

2 021 просмотра


Менингит инфекциясын ауру адамдар ғана емес, сау адамдар да жұқтыруы мүмкін. 
12 маусымға қараған түні Қазақстан мұсылмандары Қадір түнін өткізу үшін мешіттерге жиналады. Бұл түнді мұсылмандар намаз оқып, уағыз тыңдап өткізуге тырысады. Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сырқаттанып қалған адамдарға бұл түнді үйде өткізуге кеңес берді.

"Бұл түні мешіттерге адам көп жиналып, ұзақ уақыт болатынын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі барлық мұсылманды өз денсаулығына мұқият болуға және сырқаттың қандай да бір  белгілері байқалған жағдайда бұл қасиетті түнді үйде өткізуге шақырады", — деп жазылған хабарламада.    

Бұған қоса, ведомство мешітке баратындарға аурудың алғашқы белгілері байқала бастаса (тамақтың қызаруы, қызудың көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік), міндетті түрде дәрігерге қаралып, оның айтқандарын орындау қажеттігін ескерткен. 

Атап айтсақ, инфекция ауа-тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлесу кезінде) таралады. Менингококк инфекциясын жұқтырған адамның кенеттен басы ауырады, лоқсиды, 6-15 сағаттан кейін денесінде бөртпе пайда болады, қызуы 39-40°С дейін көтеріледі, қалтырап, тоңа бастайды. Бойында әлсіздік пайда болады, тамаққа тәбеті жоғалады. Егер осындай белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. 

Айта кетсек, менингит инфекциясын тек ауру адамдар ғана емес, сау адамдар да жұқтыруы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі аурудың алдын алу мақсатында халық көп жиналған орындарда бір реттік маска (2 сағат сайын ауыстырып отыру керек) киюге, ауа райына сай киінуге, қолды жиі жуып тұруға, үнемі спортпен шұғылдануға кеңес береді.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 маусым 2018, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.