Атырау, 29 наурыз 10:44
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстандықтар ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініш бере алады

1 813 просмотра


Қазақстандықтар 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін қаржыландыру бағдарламасы аясында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, қайта қаржыландыруға арналған өтініштерін бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бағдарлама халықтың әлеуметтік жағдайы осал топтары үшін тұрғын үй қолжетімділігін қолдап, ипотекалық несиелендіру саласында қалыптасқан мәселелерді шешу үшін әзірленген.

«2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткізілген берешегі бар, әлеуметтік осал топ мәртебесі расталған тұлғалар, 3%-дық жеңілдетілген мөлшерлемемен қарыздарды қайта қаржыландыра алады. Бағдарламаның күші төмендегі критерийлерге сәйкес теңгедегі қарыздарға қолданылады: 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсаны аралығында берілген қарыздарға, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берешегі 36,470,000 теңгеден аспайтын және қарыз бойынша жылжымайтын кепіл мүлкі қарыз алушының жалғыз жылжымайтын тұрғын үй мүлігі болатын қарыздарға қолданылады», - деп хабарлайды «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ. 

Бағдарламаға, сондай-ақ, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетел валютасымен тұрғын үй алған ипотекалық қарыздары бар тұлғалар да қатыса алады. Шетел валютасымен үй алғандардың қайта қаржыландыру өтінішін қарастыруда, әлеуметтік осал топ мәртебесі расталған тұлғаларға басымдылық берілетіні айтылған. 

Айта кетейік, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының негізгі операторы ретінде, қарыздары компанияның ипотекалық қоржынында орналасқан, қарыз алушылардың өтініштерімен бағдарлама негізінде тікелей жұмыс істейді. 

Бүгінде қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша шетел валютасындағы 67 өтінішті және теңгедегі 19 өтінішті қарастыруда. Жыл аяғына дейін 200-ден астам валюталық несиені және бір жыл ішінде 1 300-ден астам теңгелік несиені қамтиды деп күтілуде.

Дереккөз: inform.kz

11 маусым 2018, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.