Атырау, 25 сәуір 00:07
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көкөністер бағасы тұрақтанды ма?

2 512 просмотра


Өткен жылдың күзінде Атырау облысының тұрақтандыру қорына 1 мың тоннаға жуық көкөніс сатып алынды: бұл көлемнің жартысын картоп, 250 тоннасын - пияз, 100 тоннасын қырыққабат пен сәбіз құрайды.

Қыста және көктемде картоп халыққа - бір келісі 86 теңгеден - нарық бағасынан төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ, 130 тонна пияз – 70 теңгеден, 80 тонна қырыққабат – 81 теңгеден, 95 тонна сәбіз - 100 теңгеден сатылды. Кейіннен сапасын жоғалтқан 11 тонна қырыққабат жеткізуші шаруаға қайтарылды. Ол мұның орнын жаңа піскен өніммен толтыруы керек.

Редакция сауалына жауап ретінде, «Атырау» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Амантай АЙТБАЕВ көкөніс қоймаларында өткен жылдан қалған 100 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері қалғанын хабарлады, бірақ қандай түрлері екенін нақтыламады. Бұл сандарға сүйенсек, көп бөлігін пияз құрауы тиіс. Ал соңғы кездері Атырау базарларында ол екі есе дерлік қымбаттап кетті. Бәлкім, тұрақтандыру қорындағы пияз сөрелерге әлдеқашан шығарылуы тиіс шығар?

Алдағы қыста ӘКК 1000 тонна картоп, 115 тонна пияз және 100 тонна қырыққабат пен сәбіз сатып алуды жоспарлап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 маусым 2018, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.