Атырау, 22 маусым 00:24
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Жасыл-желектер бойынша болжам

11 маусым 11:58


Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар бюросы Атырау филиалының басшысы Ізбасар Қабиевтың пікірінше, бүгінгі күні мұнайлы астанада жапырақ жегі дернәсілдерімен зақымдалған жасыл-желектер 10-15 пайызды құрайды. Ал алдымызда қырық градустық аптап ыстық пен жаңбыр жаумайтын маусым болғандықтан, мұндай жағдайды зиянкестер үшін жұмақ деп атауға болады.

Ал қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Ақесен ИБРАГИМОВ айтуынша, биыл Атырауда жасыл-желектерді фитосанитариялық өңдеуге 21,2 миллион теңге бөлінген, бұл 2017 жылға қарағанда 17 миллионға аз. 9 сәуірде тендер қорытындысы бойынша «Дезинфекция» медициналық мекемесімен келісімшарт жасалды.

- Зақымдану ошақтары анықталды, жалпы 35 гектар аумақта жасыл желектерді жапырақ жегіден өңдеу жоспарланып жатыр, - дейді Ибрагимов. - Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, жасыл желектерді бір мәрте түгел өңдеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай жұмыстарды тағы да 5 маусымнан 20 маусымға дейінгі және 10 шілдеден 15 тамызға дейінгі аралықта жүргіземіз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жапырақ жегімен қарағаш жапырақтарының 100%-ы дерлік зақымданған еді. 2017 жылдың наурызында жасыл желектерді сауықтыру үшін коммуналдық қызметкерлер ағаштарды санитарлық мақсатта қырқып тастап, қала тұрғындарын абыржытып тастаған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

323 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Автобус қайда барады?  1528 рет қаралды

Ал енді картаға көз салыңыз  1160 рет қаралды

Бітеге қарсы күрес жұмыстары қолға алынды  863 рет қаралды

Бас кәсіпкердің Атырауға сапары  892 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6