Атырау, 24 сәуір 22:56
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​СІМ Қытай азаматтары үшін визаны алып тастау туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

1 855 просмотра


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілерде Қытай азаматтары үшін визаның алынып тасталатыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство өкілдері Қытаймен визасыз режим болатыны жайлы мәліметті жалған деп атады. 

"Қазақстан Қытаймен визасыз режим жайлы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Мессенджерлерде Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілетіні жайлы мәліметтер жалған", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сондай-ақ, ведомство өкілдері қазақстандық тараптың қытайлық тараппен Қазақстан азаматтары үшін визасыз кірудің мерзімін ұзарту жөнінде белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтып өтті. 

"Жан-жакты ынтымақтастық пен екі тараптың мүдделеріне құрмет білдіру негізінде осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Дереккөз: tengrinews.kz

11 маусым 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.