Атырау, 24 сәуір 10:18
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Пәтер иесін қылғындырып өлтірген

3 538 просмотра


31 мамырда Атырауда 39 жастағы пәтер жалдаушы қожайын әйелді сүлгімен қылғындырып өлтірген. Жалға алу ақысын төлеу үшін оның ақшасы болмаған, сөйтіп бұл әңгіме жанжалға ұласқан.

Пәтер иесі жеке бас куәлігін кепіл ретінде қалдыруды талап еткенде, ер адам оны соққыға жығып, содан соң сүлгімен қылғындырған.

№2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, кісі өлтіруге күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот оны екі айға қамауға алуға санкция берді.

Фархат ӘБІЛОВ

8 маусым 2018, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.