Атырау, 29 наурыз 13:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Биыл Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны 84 мыңға жеткен

1 317 просмотра


Биыл Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны 84 мыңға жеткен, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.  

Сарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші Алматыда тіркелген. 

"Қазақстанда 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайыз болды. Ал былтыр бұл көрсеткіш 3,9 пайыз болды. Жұмыс күші 1,2 (24,6 мың адамға) пайызға өсті, яғни, 2,05 миллионнан 2,07 миллион адамға дейін", - делінген сарапшылардың зерттеуінде. 

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Алматыда 16,2 мың адам (жастар) жұмыссыз жүр. Бұл елімізде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз халықтың 19,3 пайызын алады екен. 

Бұл тізімде Алматыдан кейін ОҚО өңірі тұр. Онда да жастар арасындағы жұмыссыздық 54,3 пайызға жеткен - 8,7 мың адамнан 13,5 мың адамға дейін. Ал үшінші орында Қарағанды облысы тұр. Қарағандыда жұмыссыз жүрген жастардың саны 7,3 мыңға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,2 пайызға көп екен. 

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуіне қарағанда жұмыссыздық деңгейінің төмен көрсеткіші СҚО мен Астанада байқалады. Астанада жұмыссыз жүргендердің саны азайғаны айтылады. Онда жұмыссыз жастардың саны бір жылда 6,8 мың адамнан 5,8 мың адамға дейін қысқарған.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 маусым 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.