Атырау, 24 сәуір 08:16
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қорқынышты жағдай туралы ескі ролик

3 103 просмотра

Роликтен алынған кадр
Интернетте Атырау облысында менингит жұқтыру оқиғалары тіркелгенін растаған бейнеролик пайда болды, роликтің түсірілген уақыты көрсетілмеген.


- Біреулер дүрбелең туғызып, әлеуметтік желілерге ескі роликті таратып жіберген. Роликте 2015 жылы 25 қаңтарда Теңіз кенішінен түскен науқас туралы айтылады. Бізде мұндай науқастар жоқ, -
деді облыстық №2 (жұқпалы аурулар) ауруханасының директоры Мұрат ҚҰЛБАСОВ. – Біздің дәрігерлердің тәжірибесі жеткілікті, бұл ауру өте жиі кездеседі, маусымдық сырқат. Біз толықтай жасақталғанбыз, препараттар жеткілікті. Дәрігерлер өздеріне сенімді, бастысы – сырқатты дер кезінде анықтап, жеткізу керек.  Облыста менингиттің алдын алу мәселелері бойынша тәулік бойына колл-орталығы жұмыс істейді, дәрігер-инфекционистер мен эпидемиологтар кеңес береді, сұрақтарға жауап береді, тұрғындар берілген нөмірлерге суреттер жолдап, оған дереу комментарийлер алады.

Колл-орталығының нөмірлері: стационарлық - 8(7122) 980292, WhatsApp мессенджері бар ұялы - 87780072021.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 маусым 2018, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.