Атырау, 29 наурыз 15:10
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

1 645 просмотра


Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Президентінің жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Күн тәртібіне үш сұрақ қойылып отыр. Ең алдымен, кеңестің 30-шы жалпы отырысындағы хаттамалық міндеттердің атқарылуы туралы есеп тыңдалады. Екіншіден, шетелдік тараптың инвестициялық саясат, энергетика, экология және мұнай-газ саласы, еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту мен шетелдік жұмыс күшін тарту туралы кеңесі айтылады. Сонымен бірге, отырыстың негізгі көтеретін тақырыбы - жеделдетілген жаңғырту болмақ.

Айта кетсек, шетелдік инвесторлар кеңесі құрылғалы бері Мемлекет басшысының төрағалығымен 30 пленарлық отырыс өткізілген. Ол отырыстарда ауқымды түрде өзекті мәселелер, атап айтқанда елдегі шетел инвестициясының құқықтық режімін жақсарту, Қазақстанның сот жүйесін жетілдіру, салық жүйесін оңтайландыру мен шетелден жұмыс күшін тарту, ҚР инвестициялық имиджін жақсарту, болашақ энергиясы секілді маңызды тақырыптар талқыланған. ҚР Президентінің төрағалығымен өтетін шетелдік инвесторлар кеңесі бірегей алаң болып табылады. 

Кеңес елдің инвестиция саласына, Қазақстандағы инвестициялық климатты арттыруға қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін ҚР Үкіметі мен шетел инвесторларының арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында 1998 жылы құрылған. ШИК құрамына 35 ірі трансұлттық шетел компаниялары мен халықаралық ұйымдар енеді. 

«Біз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар әсте оңай болған жоқ. Кеңес одағының күйреуі мен дағдарыстан соң, Оңтүстік-шығыс дағдарысы, 2007 жылғы дағдарыс өткенімен, Қазақстан резервінің, оңтайлы шешімнің арқасында рецессияға жол берген жоқ. Десе де, мәселелер, қателіктер, кемшіліктер баршылық. Бірақ, ең бастысы айтайын дегенім инвестиция бойынша Қазақстанның көрсеткіші әлемдік көрсеткіштен жоғары және Қазақстанның жетістігі дамыған елдердің көрсеткішінен екі есеге жоғары. Осының арқасында Қазақстан қазір даму үстінде. Біз осылайша жаңа бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз. Демек, біздің бәріміз де үлкен жұмысты еңсердік. Сондай-ақ, Сіздердің барлықтарыңызға (инвесторларға - авт.) рахмет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің ашылуында.

Дереккөз: inform.kz


6 маусым 2018, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.