Атырау, 28 наурыз 14:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі қысқармайды - Елжан Біртанов

1 937 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімінің қысқаратыны туралы қаңқу сөздерді теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тізімнен шығарылатын аурулар ерекше динамикалық бақылауды қажет ететін сырқаттар тізіміне енгізіледі. Министрлік мұндай аурулардың нақты тізімі мен оған қажетті тегін дәрі-дәрмекті анықтайды. 

«Ел тұрғындарының, әсіресе созылмалы аурумен ауыратындардың алаңдауына негіз жоқ. Керісінше, министрлік науқастардың сенімді бақылауда болып, тиісті дәрі-дәрмегін алып тұруы үшін емхана секторының рөлін күшейткісі келеді. Диабет пен өзге де маңызды аурулар ерекше динамикалық бақылауды қажет ететін сырқаттар тізіміне енгізіледі. Бұл аурулардың нақты тізімі, саны, консультациялар мен диагностикалық зерттеулер жиілігі және оларға тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі анықталады", - деп жауап берді Елжан Біртанов ҚР Үкіметінде журналистер сұрағына.

Дереккөз: inform.kz

5 маусым 2018, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.