Атырау, 20 сәуір 17:32
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланады - Бас прокуратура

1 970 просмотра


Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісінің елімізге экстрадицияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Азамат Ертаевқа қатысты: РФ құзырлы органдарымен бірлесіп қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы заңды шаралар аяқталғанда Ертаев Қазақстанға жеткізіледі", - деді Андрей Лукин.  

Оның айтуынша, экстрадиция мерзімін Ресей Федерациясы бекітті.  Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылы 16 маусымда 40 тәулікке үй қамауына алынған болатын.  Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Ертаев Жомарттың ұсталғаны айтылады.   

"Ол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 маусым 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.