Атырау, 20 сәуір 17:17
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Мадрид тұрғындары жаңа билікке қарсы ереуілге шықты

1 797 просмотра


Мадридте жүздеген адам қала көшелерін аралап, наразылық шеруін ұйымдастырды. Олар жаңа жасақталған үкіметке қарсы. Ереуілшілер тез арада мерзімнен тыс сайлау өткізуді талап етті. Жиналғандар қолдарына ұлттық жалауды ұстап алып, ел әнұранын айқайлап шырқап, бірауыздан «Таңдауды біз жасаймыз! Сайлауды дәл қазір өткіземіз!» деп ұран тастады.

Акцияны ұйымдастырушылар елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалған «Испания социалистік жұмыс партиясының» өкілі Педро Санчесті бұл лауазымға лайықты емес екенін айтады. 

Айта кету керек, Испания конгресі Мариано Рахойдың «Халықтық партиясына» сенімсіздік танытқан болатын. Мұндай шешім партия басшыларының жемқорлыққа қатысы бар деген дау-дамайға байланысты қабылданды.

Бұл мәселені шешу үшін арнайы сайлау ұйымдастырылып, нәтижесінде жаңа үкімет жасақталды. Билік басындағыларды лауазымынан осындай шара арқылы қудалау оқиғасы Испанияда 1970 жылдардан бері бірінші рет болып тұр. Жаңа премьер-министр мен оның көмекшілері Испания королі Филипп алтыншының алдында ресми ант қабылдады.

Дереккөз: 24.kz

4 маусым 2018, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.