Атырау, 24 сәуір 17:03
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Әблязов митингіге шыққандарға ақша берген жоқ», «Плагиат дауы: "Рухани жаңғырудан" "Бәйтерекке" дейін», «Түрмедегі Мұхтар Жәкішевке үшінші топ мүгедектігі берілді», «Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесі не үшін қажет?».

1 936 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Британияның жаңа заңы мен Бакиевтің ұлының мүлкі» - Ұлыбританияда күшіне енген күмәнді дүние-мүліктің төркінін тексеруге мүмкіндік беретін жаңа заң Қырғызстанның экс-президентінің ұлы Максим Бакиевтің мүлкіне қозғау сала ма?

«Плагиат дауы: "Рухани жаңғырудан" "Бәйтерекке" дейін» - Батыс баспасөзі Қазақстандағы жаппай көшіру науқаны, Ресей әскерінен құтылуға шақ тұрған Байқоңыр және Астана-Стати соты туралы жазды.

«"Көкжайлау": жаңа параметрлер мен қарсыластар пікірі» - Алматыдан 12 шақырымдағы Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жобасын талқылау мен оны қоғам тарапынан сынау 2002 жылы басталған. 

«Түрмедегі Мұхтар Жәкішевке үшінші топ мүгедектігі берілді» - Тоғыз жылдан бері түрмеде отырған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мамандар үшінші топтағы мүгедек деген таныған. Бұл соңғы жылдары тұтқынның созылмалы дерті асқынған деп келген құқық қорғаушылар мен белсенділердің сөзін биліктің ресми мойындауы іспетті болып отыр.

«Мәселенің Иран режимін ауыстыруға қатысы жоқ» - АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео "Америка дауысы" радиосына берген сұхбатында Вашингтонның Иранға, оның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы рөліне қатысты жаңа саясатының мақсатын түсіндіріп берді.

ZHASALASH.KZ. «Әблязов митингіге шыққандарға ақша берген жоқ» - Өз басым әзірге ахуалды сырттай бақылап, әлеуметтік желілердегі талқылауларға белсене қатысып, пікір білдірсем жеткілікті деген тоқтамға келдім. Себебі бұған іштен қатысып араласу мүмкіндігім шектеулі. Өйткені мерзімінен бұрын бостандыққа шыққандықтан, мойнымда әлі 2 жыл, 11 ай шартты мерзімім бар. Шалт бассам, жоғарыдан тапсырма түссе, сол мерзімді мойныма қайта іле салуы мүмкін. Қорыққаным емес, бірақ болмайтын бір іске бола түрмеге  қайта оралу ақымақтық болар еді.

INFORMBURO.KZ. «Алыс та жақын Сингапур. Мұнда қоғамдық тәртіпті бұзсаңыз, қалтаңыз қағылады» - Сингапур – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең күшті дамыған қала-мемлекет. 2017 жылы жалпы ішкі өнім бойынша әлемде 37 орынға шықты. Бұл – жан басына шаққанда $ 57 000.

QAZAQTIMES.COM. «Әміржан Қосанов: Шектен тыс антиқытайлық риторика қандастарымызға өзінің теріс әсерін тигізуі мүмкін» - Кез келген мемлекет басшысы өз халқының мұң-мұқтажын, мақсат-мүддесін өз қызметінің ең басты кредосы етіп алуы шарт! Онсыз ол өз жұртының, ұлтының қолдауынан айырылып қалуы мүмкін! Әрине, ШЫҰ жиынының өз протоколы бар, яғни басшылар алдын-ала келісілген күн тәртібін талқыламақ, сол мәселелерге қатысты құжаттарға ғана қол қоймақ. Сондықтан Қытайдағы қазақтардың халі сол жиында арнайы талқыланады деп ойламаймын.

«Әзімбай Ғали: Біз ұлттық сана дағдарысына кетіп барамыз» - Қазақ шала орыстанған. Құдай қазақты сақтап, алдымен Патша үкіметі, кейін Кеңес үкіметі құлап, біз қазақтық негізді сақтадық. 

«Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесі не үшін қажет?» - Ресми Астанаға жаңа «Қауіпсіздік кеңесі» не үшін қажет? Бұл билік транзитіне дайындық па? Бүгін біз осы және өзгеде сұрақтарға жауап іздеп көретін боламыз. 


4 маусым 2018, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.