Атырау, 20 сәуір 05:10
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жол бойында кімді ұстады?

Толықтырылды Бейнежазба
5 385 просмотра


Әлеуметтік желіде арнайы жасақ сарбаздарының көлікті қоршап, әйнектерін сындырып, есігін ашып, көлік ішінде отырған күдіктіні ұстап жатқан бейнежазба тарап кеткен болатын. Бейресми ақпарат көздері бойынша оны 26 мамырда  ұстаған. Осыған орай «АЖ» облыстық ІІД-не сауал жолдаған еді, әзірге жауап жоқ.

25 мамырда Атырауда Элеваторная көшесі бойында орналасқан «Жөнеген» бейіті қауымынан  денесіне зорлықпен салынған ауыр жарақаттары бар 1982 жылғы ер адамның мүрдесі табылған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК  99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс көтерілді. Арнайы жасақ ұстаған күдікті - Махамбет ауданы Есбол ауылының тұрғыны.          

«АЖ» сауалына Атырау облыстық ІІД-нен жауап келді: «Әлеуметтік желілердегі бейнежазбаның жариялануына қатысты, қылмыстық істі тергеу барысында ішкі істер органдары аса ауыр қылмыс жасады деген екі күдіктінің ұсталғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді».


 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 маусым 2018, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.