Атырау, 25 сәуір 22:38
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Лавров: Ресей АҚШ пен Солтүстік Корея келіссөзіне араласпайды

2 111 просмотра


Мамырдың 31-і күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пхеньянға барып, Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хомен келіссөз өткізді. Лавров Пхеньянға осымен үшінші рет сапарлап отыр, бұрын ол Солтүстік Кореяға 2004 және 2009 жылдары барған.

Сергей Лавров Ли Ен Хомен кездесуден кейін, Пхеньяннан санкцияларды кезең-кезеңімен алып тастаса ғана, Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесі "бір кездесумен" шешілмейді. "Процесті соңына дейін жеткізу үшін өзара келісім мен шыдамдылық қажет", - деді Лавров.

Оның айтуынша, Мәскеудің АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы келіссөз процесіне араласуға құқы жоқ, екі ел арасында келісімнің жүзеге асуы үшін, Вашингтон тарапынан қандай кепілдік қажетін Пхеньян өзі шешуі керек.

15 мамырда Пхеньян ресми мәлімдеме жариялап, 12 маусымға жоспарланған АҚШ - Солтүстік Корея саммитінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған едіКелесі күні Трамп екі ел арасындағы диалогты жалғастыруға дайын екенін, 12 маусымға жоспарланған саммитке баруы мүмкін екенін хабарлаған.

Мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық үшін 29 мамырда Сингапурға Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының делегациялары барған.

Дереккөз: azattyq.org

31 мамыр 2018, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.