Атырау, 29 наурыз 11:42
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атамқұлов "Байқоңырдан" әскерилердің шығарылуына қатысты түсініктеме берді

1 806 просмотра


Әзірге Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағынан ресейлік әскерилерді шығаруға қатысты келіссөздер жүргізілмеген. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскерилерін шығаруы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, шынымен, Ресей Федерациясында әскерилерді "Байқоңыр" ғарыш айлағынан толығымен шығару мәселесі қаралып жатыр. Әзірге біз бұған қатысты нақты екіжақты келіссөздер жүргізген жоқпыз. Бірақ бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр", — деді Атамқұлов. 

Министр бұл шешімнің пайдалы тұстары барын айтты. 

"Әскерилер шығарылса, ашық коммерциялық жобаларды тартуға мүмкіндік туады. Бүгінде әлемде коммерциялық сала айтарлықтай қызықты салаға айналуда. Әлемде мыңнан аса спутник ұшу қызметін күтіп отыр", — деп атап өтті ведомство басшысы.

Дереккөз: sputniknews.kz

30 мамыр 2018, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.