Атырау, 25 сәуір 12:00
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Есік алдындағы есірткі-2

2 700 просмотра


Биылғы ақпан айында «АЖ»-ға қожайыны есірткі заттарын ашық сатумен айналысатын Привокзальный ықшамауданы Баймұханов көшесі, 43-үйдегі пәтер туралы материал жарияланған еді. Нашақорлардың озбырлығынан қиналып кеткен тұрғындар өз подъездеріне бейнебақылау камерасын орнатқан. Ондағы жазбаларда сырттан келушілердің түсініксіз таблеткаларды қылғытып, мұрындарына тамшылар тамызып, өздеріне ине салатыны көрінеді.


Жарияланым үлкен резонансқа ие болып, сайтқа көптеген комментарийлер жазылды, тіпті, облыстық ІІД-нің ҚР ҚК-нің 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастауына түрткі болды. Бірақ бұл ахуалдың айқындылығына қарамастан жағдай өзгермеген.

- Иә, бізге полициядан бір-екі рет келіп, әлденелер тексерді. Бірнеше апта бойы подъезге «қонақтардың» келуі тоқтады, Масяня (көршілер ықтимал «коммерсант әйелді» осылай атайды) да тынышталып қалды. Содан кейін барлығы жаңа қарқынмен қайта жалғасты. Ол бұрынғыдан да батылданып кетті, бәрібір өзіне ештеңе болмайтындығын айтып, камераға қарап балағаттайтын болды. Кешкілікте подъезімізден тікелей эфир көретін болдық. Енді күлкілі емес – қорқынышты болып кетті, - дейді тілшіге таныс осы подъездің тұрғындары жаңалықтарымен бөлісіп.

Анастасия АЛЮШИНА

 

28 мамыр 2018, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.