Атырау, 25 сәуір 02:05
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Берлинде халқы жаппай ереуілге шықты

2 052 просмотра


Германия астанасы Берлинде халық жаппай ереуілге шықты. Олар Ангела Меркельдің саясатына қарсы наразылықтарын білдірді. Бұл шараға оңпопулистік «Германияға альтернатив» партиясынан 5 мыңға жуық адам қатысты. 

Олар елге келіп жатқан босқындарға қарсы екендерін айтып, канцлердің қызмет орнын босатуын талап етті. Ал Бранденбург қақпасы жанындағы алаңда керісінше оңпопулистіктерге қарсы көтеріліс болды. Тәртіп сақшыларының ресми мәліметі бойынша, бұл ереуілге 25 мың тұрғын қатысқан. 

Астана көшелерінің 2 бөлігінде өткен ереуіл қатысушылары бір-бірімен қақтығысып қалмауы үшін 2 мыңнан аса құқық қорғаушылар мен тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Соңғы деректер бойынша екі акция да бейбіт жолмен тарқаған. 

Николь, «Германияға альтернатив» партиясын жақтаушы: 

– Біздің елде қазір болып жатқан саяси жағдай демократияның жоқ екенін айқындайды. Үкімет басындағылардың жасап жатқан жұмыстарына көңілім толмай жүргеніне біраз уақыт болды. Біздің де өз ойымыз әрі көзқарасымыз бар екенін көрсеткіміз келді.

Дереккөз: 24.kz

28 мамыр 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.