Атырау, 24 сәуір 14:45
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Шетелден әкелiнетiн құс етi талаптарға сай келмейдi – Божко

1 255 просмотра


Шетелден елiмiзге әкелiнетiн құс етi сынамаларының 20,3 пайызының техникалық регламент талаптарына сай келмейтiнi анықталған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты Владимир Божко айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Елiмiзде азық-түлiк өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен олардың экономикалық қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң мәлiметiнше, 2017 жылы жасанды өнiмдердiң негiзгi бөлiгiн сүт және май өнiмдерi құраған. Осы өнiмдердiң 493 сынамасының 142-сi жасанды болып шыққан. Яғни, 29 пайызы. Сүт өнiмдерi, өсiмдiк және сары майлар пальма майын қосу арқылы қолдан жасалады. Қазiр Қазақстанға пальма майы көптеп әкелiнiп жатыр.
Оның көлемi жылына 40-50 пайыздан артып отыр. Үш жыл мен 2018 жылғы екi айдың iшiнде пальма майының елiмiзге әкелiнуi 40-60,6 мың тоннаны құраған. Негiзгi жеткiзушiлер - Еуразия фудс, Рахат және наубайханалар мен кондитерлiк өнiм өндiрушiлер. Пальма майының ысыған кезде қауiптi канцерогенге айналатыны белгiлi. Оның қандай зиянды көрсеткiшпен елiмiзге келiп жатқанын бiр Құдай бiледi. Еуропада бұл көрсеткiш 0,5 мольдi құраса, ал бiзге нелiктен екенi белгiсiз 10 мольге дейiн рұқсат етiлген. Осы жайт бойынша әрине сұрақ туындайды», - дедi Божко.

Депутат Қоғамдық денсаулық сақтау комитетiнiң тағы бiр мәлiметiн мысалға келтiрдi. Оның айтуынша, шетелден әкелiнетiн құс етi сынамаларының 20,3 пайызының техникалық регламент талаптарына сай келмейтiнi анықталған.

«Осы орайда, шекарадан үстелге, яғни тұтынушыларға дейiнгi азық түлiктi бақылау функциясын Ауыл шаруашылығы министрлiгiне беру ұсынысына да назар аудару керек. Дегенмен, осы салада жауапкершiлiк шекарасын бөлу өте қиын болады», - дедi Владимир Божко «ҚР Агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017-2021 жж. арналған мемлекеттiк бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Үкiмет сағатында.

Дереккөз: Baq.kz

28 мамыр 2018, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.