Атырау, 29 наурыз 13:08
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Бүкіл билік Қауіпсіздік кеңесінің өмірлік төрағасына беріле ме?», «Қартайған басшының дұшпандарының үміті», «Әбілқасымова 100 күнде не тындырды?», «Соловьев пен Жириновскийдің аузына құм құюдың амалы табылды», «Ашаршылық: куәгер кісінің естелігі».

8 137 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Бүкіл билік Қауіпсіздік кеңесінің өмірлік төрағасына беріле ме?» - Қазақстан мәжілісі бір аптаның ішінде екі рет оқылым өткізіп, Қауіпсіздік кеңесі туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта Қауіпсіздік кеңесінің мәртебесін арттырып, елдің тұңғыш президентіне бұл органды өмір бойы басқару құқығын беру қарастырылған. Кей сарапшылар заң жобасы - билікті бір қолға «әлі де көбірек» шоғырландыруға тырысу деп санаса, енді біреулері бұл – "президент өкілеттігін қайта бөлу" деп мәлімдейді.

«Таяу Шығысқа соғысқа кеткендер қайтып жатыр ма?» - Көптеген елдерде үкімет шетелде экстремистер қатарында соғысқа қатысып, кері қайтып жатқан азаматтарына не істерін білмей отыр. Соғыс ошағынан оралған "жихадшылар" саны күрт артқан Қырғызстанның шешімі дайын тәрізді.

«Қартайған басшының дұшпандарының үміті» - Батыс баспасөзі осы аптада Қазақстандағы саяси оппозицияның жағдайын талдап, Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық мүмкіндіктерін салыстырған және Астана мен Мәскеудің "идиллия деуге келмейтін" қарым-қатынасы жайлы жазған.

«Халықаралық тергеудің жаңа тұжырымы: MH17 рейсін ресейлік 53-бригаданың "Бук" зымыраны атқан» - Халықаралық тергеу тобының жаңа тұжырымында "Малайзия әуе желілері" компаниясының МН17 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағын ресейлік 53-зенит-зымыран бригадасының қару-жарағы есебінде болған "Бук" қондырғысынан атып түсіргені айтылған.

QAMSHY.KZ. «Ақылды жастардың жаппай шетел асуына не себеп?» - Әйгілі неміс физигі, Нобель сыйлығының иегері Ханс Йенсен: «Елден ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, ақыл-ой иелері кетсе, сол елдің сәні – интеллигенция құриды. Ондай елде бизнесмендер билікке келеді, көшедегі кім көрінген саясаткер атанады. Ал әртістер мен спортшылар, базардағы алыпсатарлар депутат болады», - депті.

«KADEX-2018. Көргеніміз не? Түйгеніміз не?» - Астана қаласындағы әуежайдың әскери секторы аумағында #KADEX2018 қару-жарақ және әскери-техникалық V халықаралық көрмесі өтті. 4 күнге созылған көрмеде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынды.

«Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі: Қытайға қайтарса, оны өлім жазасына кеседі» - Қытайға қайтарылады деген Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі «Әйелім қылмыскер болса, Қазақстанда сотталсын, Қытайға қайтарылмасын», деп қазақ жұртшылығынан көмек сұрап отыр.

DALANEWS.KZ.  «Орыста жазық жоқ…» - Ерғалиева өзін сынағандарға жауап берді.

JASQAZAQ.KZ. «Қазақ қыздарына қайран қалмаймын» - Ертеде жапондар да қазақтар секілді құда түсу арқылы қыз беріп, келін түсірген. Бірақ олар да біздің халық сияқты жатжұртқа қыз ұзатпаған. Мұндай дәстүр күншығыс елінде ХХ ғасырдың соңына дейін сақталыпты. Қазір жапон қыздары шетел асып, шетінен жатжұртқа келін болып кетіп жатыр. 

AIKYN.KZ. «Әбілқасымова 100 күнде не тындырды?» - Мемлекеттің қоғамдық, экономикалық тұрғыдан өркендей түсуіне салалық министрліктер тікелей жауапты. Тиісінше, әр министр басшылыққа келгеннен-ақ уәделер үйіп-төгеді. Ол уәделер халықтың тұрмыс-тағдырына тікелей қатысты болғандықтан, біз үшін өте маңызды. Сондықтан газетімізде «Министр мінбері» атауымен жаңа айдар ашылып отыр. Айдарда ведомство басшыларының Үкімет отырысында, Парламент жиындарында, журналистер алдында, баспасөз мәслихаттарында, басқа да ресми һәм бейресми жиында берген уәделері мен бастамалары талқыланбақ. Алғашқы кейіпкеріміз – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова. 

«Ашаршылық: куәгер кісінің естелігі» - ХХ ғасырдың 1931-32 жылдардағы ашаршылық –  қазақ халқының басынан өткен ең қасіретті нәубет. Бұл нәубет Сталин билігі тұсындағы большевиктік үкіметтің қолдан жасаған «қызыл қырғынының» ең сойқаны, ең қатігез іс-әрекеті болды.

365INFO.KZ. «Досым Сәтпаев Путиннің Қазақстанға қатысты құпия жоспарын айтты» - Соловьевтың біздің елге тиісуі кездейсоқтық емес. Саясаттанушы Досым Сәтпаев, бұл алдын ала ойластырылған қадам, алда бізді көптеген «қақпандар» күтіп тұр деген сенімде.

«Соловьев пен Жириновскийдің аузына құм құюдың амалы табылды» - Өйткені олар Қазақстанда болып жатқан шынайы оқиғаларды өздерінің империялық пиғылы тұрғысынан бұрмалап көрсетеді. Қазақстанның ашық әрі достық қалыпты сақтаған мемлекет екеніне қарамастан, елімізге келіп жатқан қонақтардың барлығы бірдей халықтың, әсіресе, ұлт жанашырларының көңілінен шығып жатқан жоқ. Осыған орай, олар кейбір тұлғаларға елімізге кіруге тыйым салу мәселесін көтеруде.


28 мамыр 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.