Атырау, 23 сәуір 21:58
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Астананы "сыни пікірлермен санасуға" шақырады», «Желге ұшқан миллиардтар: биліктің аяқсыз қалған “ғасыр жобалары”», «Досым Сәтпаев Путиннің Қазақстанға қатысты құпия жоспарын айтты», «Жиэнбеков Атамбаевты жер қылды», «Кеткен қазақ қайта ма?».

2 246 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Астананы "сыни пікірлермен санасуға" шақырады» - ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезирдің сөзінше, қазақстандық журналистер мен редакцияларды "көрінеу жалған ақпарат тарату" және "араздықты қоздыру" айыптарымен қудалау бақылаушыларды алаңдатып отыр.

«Бішкек тұтқындағы Тұңғышбаевты Астанаға бермек» - Қырғызстан осы елде тұтқындалған және саяси баспана сұраған қазақстандық Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға беруді ұйғарды. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған оның адвокаты Нурбек Токтакунов прокуратура шешіміне сотқа шағым түсірмек. Астана белсендіні тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдаған деп айыптаған.

AIKYN.KZ. «Кеткен қазақ қайта ма?» - Жыл басынан бері 7000-ға жуық отандасымыз өзге елдің тұрғынына айналды. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, шетке көшкендердің көпшілігі Ресей азаматтығын алуды жөн көріп отырған сыңайлы. 500-ге жуық азамат Германияға қоныс аударған. 60 адам мұхит асып кеткенге ұқсайды.

«Ким Чен Ын Каддафидің тағдырын қайталауы мүмкін» - Солтүстік Корея мен АҚШ арасында 12 маусымда өтетін саммит болмай қалуы әбден ықтимал. Бұл туралы Ким Чен Ынның дипломатиялық өкілі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында мәлім етті. Мұның себебі неде?

ULT.KZ. «Ұлттық сананың қатері – псевдосалафилер» - Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу.

365INFO.KZ. «Досым Сәтпаев Путиннің Қазақстанға қатысты құпия жоспарын айтты» - Мынау сұмдық екен! Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуыл екі ел арасындағы қарым-қатынастардың көптеген мәселелерін көтереді. 

«Жиэнбеков Атамбаевты жер қылды» - Қырғызстанның жоғарғы билігіндегі қысылтаяң кезең Қазақстан назарынан тыс қала алмайды. Жиэнбеков пен Атамбаев арасындағы текетірес Орталық Азияда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін тиімді механизмнің әлі жасалмағанын айқын көрсетті. 

«Желге ұшқан миллиардтар: биліктің аяқсыз қалған “ғасыр жобалары”» - Қапшағай жақтағы G4 City «спутник» қалалары мен Өскемендегі автозауыт – бюджеттің миллиардтаған ақшасын жоқ қылған болымсыз ірі жоба болып қалды.

INFORMBURO.KZ. «Зейнетақы қорының электронды қызметін қалай пайдалануға болады?» - Бірыңғай зейнетақы қоры жұмысын онлайн режимге көшірді. Салымшылар мен алымшылар енді өздері зейнетақы шоттарын бақылай алады.


25 мамыр 2018, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.