Атырау, 19 сәуір 22:27
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Солтүстік Корея АҚШ-пен саммитке қатысуын қайта қарастыруы мүмкін екенін мәлім етті

1 571 просмотра


Солтүстік Корея Вашингтон Пхеньянға қатысты жауласу саясатын тоқтатпаса, Америка Құрама Штаттарымен саммитке қатысуын қайта қарастыруы мүмкін, деп мәлім етті бейсенбі күні Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлайды. 

Корей орталық ақпарат агенттігінде жарияланған мәлімдемеде Солтүстік Корея Сыртқы істер вице-министрі Чхве Сон Хи 12 маусымда болатын Ким Чен Ын мен Дональд Трамп арасындағы кездесудің қандай деңгейде өтетіні АҚШ-қа байланысты екенін мәлім етті.  «Біз АҚШ-та келіссөздер үстелінде не ядролық майданда жолығамыз ба, ола Вашингтонның шешімдеріне байланысты. АҚШ біздің қалауымызды елемей, заңсыз әрі көңілге қонымсыз әрекеттерін жалғастыра беретін болса, мен біздің басшылыққа Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы самитті өткізу туралы шешімді қайта қарауға ұсыныс білдіремін» , - деді Чхве. 

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжи Эн мен Дональд Трамп арасында сейсенбі күні Вашингтонда өткен кездесуден кейін Пхеньян қоқан-лоқы жасады. Кездесу барысында Трамп Солтүстік Кореямен 12 маусымға жоспарланған саммиттің өтпей қалуы ықтимал екенін айтты. Вашингтон Пхеньянды ядролық бағдарламадан біржақты бас тартуға мәжбүрледі деп Солтүстік Корея АҚШ-қа наразылығын білдірді. 

Себебі Трамптың әкімшілігі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын толық жоюға ұмтылатынын жеткізді. Пхеньян мәселенің қадамдық шешімін қалайды және тараптардан шегінуді күтіп отыр. Өткен аптада Солтүстік Корея Сыртқы істер министінің бірінші орынбасары Ким Ге Гванның айтуынша, Солтүстік Корея ядролық арсеналынан біржақты тәртіпте бас тартқызатын қандай да бір келіссөздерден мүдделі емес.  

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Чхве АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенсті жақында берген сұхбатында ливиялық әдіспен Солтүстік Корея мәселесін әскери түрде шешу мүмкіндігі туралы айтқаны үшін сынға алды. Ол Пхеньянмен келіссөз жүргізуге ниет білдірген Вашингтонның дәл өзі екенін еске салып, Солтүстік Корея мен Ливияны салыстырмауды талап етті.  

Дереккөз: inform.kz

25 мамыр 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.