Атырау, 25 сәуір 20:56
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​КХДР СІМ: Трамппен кез келген уақытта кездесуге дайынбыз

1 686 просмотра


Солтүстік Корея тарапы АҚШ билігімен кез келген уақытта кездесу өткізуге дайын. Мұндай мәлімдемені осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Ке Гван жасады. 

Дипломаттың айтуынша, Солтүстік Корея аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға мүдделі. 

Еске сала кетейік, кеше АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен жүздесуден бас тартты. Жоғары лауазымды кездесу 12 маусымға белгіленген болатын. 

Ақ үй басшысы мұндай шешімді ресми Пхеньянның кейбір мәлімдемелеріне байланысты қабылдағанын айтты. Бірақ келешекте мұндай саммит өткізуге дайын екенін жеткізді. Ал президент әкімшілігінің мәлімдемесіне қарағанда Пхеньян өкілдері саммит алдындағы кездесулерге келмеген.

Дереккөз: 24.kz

25 мамыр 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.