Атырау, 29 наурыз 10:14
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Солтүстік Корея полигондағы ядролық сынақ шахталарын жарып жіберді

1 907 просмотра


Корей Халық Демократиялық Республикасы Пхунгери деп аталатын ядролық полигондағы сынақ шахталарын жарып жіберді. Сонымен қатар солтүстіккореялық әскерилер бақылау бекеттері мен күзет ғимараттарының көзін жойған. 

КХДР ядролық қару институты өкілдерінің айтуынша, полигонды демонтаждау рәсімі – ядролық сынақтың тоқтатылғанын білдіреді. Жарылыс кезінде радиоактивті заттар қоршаған ортаға таралған жоқ. Пхунгери полигонында 4 шахта болған. Жергілікті билік 6 ядролық сынақтың бесеуін осы полигонда өткізген. 

Айта кетейік, Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ыннің кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы Би-Би-Си телеарнасы мәлімдеді. Бұл шешімге не түрткі болғаны белгісіз, бірақ АҚШ президенті «кездесуді қазір өткізу орынсыз» деп отыр.

Дереккөз: 24.kz

25 мамыр 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.