Атырау, 28 наурыз 20:36
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

АҚШ Қазақстандағы газ құбырын салу кезінде ақшаны жылыстату ісін тергеп жатыр

1 627 просмотра


АҚШ әділет министрлігі мәліметі бойынша, шетелдік шенеуніктерге пара беру қылмыстық схемасы әшкереленді. АҚШ-тың билік өкілдері Қазақстаннан Қытайға газ құбырын салу кезінде ақшаны жылыстату ісі бойынша айыптауларды алға тартты.

АҚШ-тың әділет министрлігі тергеуге сілтеме жасап хабарлағандай, 50 жастағы Ресей азаматы Виталий Лешков шетелдік шенеуніктерге пара беру үшін ақшаны жылыстату қылмыстық схемасына қатысқан. Пара Огайо штатындағы Rolls-Royce компаниясының құрылғыны жеткізу бойынша келісімге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында берілген, деп хабарлайды РИА Новости.  

Ресейліктен бөлек ақшаны жылыстату ісі бойынша 62 жастағы Армения азаматы Азат Мартиросян мен 70 жастағы Грекия азаматы Петрос Контогурис айыпталды.

Үш айыпталушы да АҚШ аумағынан тысқары тұрады.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 мамыр 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.