Атырау, 25 сәуір 05:50
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда балабақшаға кететін шығынның төрттен бір бөлігін ата-аналар көтереді

2 158 просмотра


2018 жылдың сәуір айында қазақстандық ата-аналар мектепке дейінгі білім беру орталығына барған балалары үшін күніне 817 теңгеден төледі. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,9% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ең жоғарғы бағалар Астана мен Алматы қалаларында тіркелді. Бұл аймақтарда ата-аналар мектепке дейін білім беру орталықтарында бір күнге 1 862 (+7,6%) және 1 666 (+14,6%) теңге төлейді.

Шымкент қаласында мектепке дейінгі білім беру орталықтарының бір күндік бағасы бірден 19,2% қымбаттап, 1023 теңгеге жетті. Бұл салада көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы 244,2 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,2% көп.

Бәрінен көп мектепке дейін білім беру орталығының қызметтерін Оңтүстік Қазақстан облысы (22,5%) және Алматы қалаларының (11,1%) тұрғындары пайдаланған. Бюджеттен мұндай қызметтің 75,7%-ы төленген. Алдыңғы жылы 76,3%-ы төленген еді.

Мұндай қызметтер үлесі 2016 жылы 23,5%-дан 2017 жылы 24,1%-ға дейін өсті.

Дереккөз: Baq.kz

24 мамыр 2018, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.