Атырау, 25 сәуір 07:15
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​АҚШ дипломаттары Венесуэладан қуылды

1 985 просмотра


Венесуэла президенті Николас Мадуро елдегі Америка шенеуніктерін нон грата тұлғасы деп жариялап, елден кетуге 48 сағат уақыт берді.

Америка Құрама Штаттары мәселелеріне байланысты уақытша сенімді өкіл Тодд Робинсон мен оның орынбасары Венесуэла жерінен тез арада кетуі тиіс. Бұл туралы ұлттық телеарна тікелей эфир арқылы хабарлады. Мадуро саясаткерлердің Венесуэла билігіне қарсы астыртын әрекеттер жасап, ішкі жағдайға бүлік салуға араласты деп кінәлады. 

Алайда АҚШ мемлекеттік департаменті ешқандай құйтырқы әрекеттің болмағанын айтып, кінәні мойындаудан бас тартты. Өз кезегінде Тодд Робинсон Венесуэла халқының халі мүшкіл екенін айтып, дұрыс қабылданған саяси шешім мен өзгерістер ғана өркендеуге жетелейтінін жеткізді. 

Айта кетейік, Дональд Трамп америкалық азаматтардың Венесуэла үкіметінің қарызына қатысты кез келген төлемді жүзеге асыра алмайтыны туралы құжатқа қол қойды. Мұндай шешім президенттік сайлауда Николас Мадуроның жеңіске жеткеніне байланысты қабылданған болатын. 

Николас Мадуро, Венесуэла президенті - Тодд Робинсонды нон грата тұлғасы деп жариялап, орынбасары Брайан Нараньомен қоса елден кетсін деп бұйырамын. Ешқандай қастандыққа жол жоқ. Бұл АҚШ-тың бізге қарсы жасап жатқан санкцияларына жауап деп түсінсін. Қаншама қыспаққа алып, Венесуэла халқын әбден әбігерге салды. Біздің намысымызды таптады.

Дереккөз: 24.kz

23 мамыр 2018, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.