Атырау, 23 сәуір 11:52
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Лагерьдегі түскі ас

2 953 просмотра


Атырау облысында мектеп жанындағы лагерьлерде аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қалай тамақтанады? ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтынан бірнеше мысал келтірейік.

Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы орта мектепте компьютерлік сауаттылыққа оқытатын мектеп жанындағы лагерде 10 күннен екі ағымға бөлінген 50 оқушыны біржолғы ыстық тамақпен қамту үшін 90 мың теңге бөлінген.

Исатай ауданындағы Новобогат орта мектебі де 50 баланы қамтуды жоспарлап отыр, бірақ күніне үш рет тамақ беріледі. Оған 446 мың теңге бөлінген. Мектеп жанындағы лагерь маусым айы бойына екі ағымда жұмыс істейді. Тендерлік құжаттар пакеті балалардың тамақтан улануына және жұқпалы ауруларға жол бермеу туралы қызмет көрсетушінің міндеттемесін қамтиды. Бір күннің шамамен ас мәзірі: таңғы ас - нан, сары май, суға пісірілген жұмыртқа, бір стақан сүт; түскі ас - борщ, қызанақ және қияр қосылған салат, сүтті шай, нан; кешкі ас - бір стакан табиғи шырын мен алма. Бағасы мәзір құрамына қарай бір балаға тәулігіне 450 теңгеден 550 теңгеге дейін өзгереді.

Осы ауданның Зинеден ауылындағы Гагарин атындағы мектебінде ұйымдастырылған емдеу-сауықтыру лагерінде балаларға ыстық тамақ беру үшін бір миллион теңге бөлінген. Мұнда асхана 3 ағымда 1 маусымнан бастап 15 маусымға дейін жұмыс істейді, күніне 6 рет тамақ беріледі.

Атырау қаласындағы №19 орта мектепке жарты миллион теңге бөлінген - бұл ақшаға аз қамтылған отбасынан шыққан 10 бала басқа қалаға демалыс лагеріне жіберіледі. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 мамыр 2018, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.