Атырау, 29 наурыз 07:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Facebook аккаунттағы мәліметтер тарихын өшіретін функция ұсынды

1 886 просмотра


Facebook желісі қолданушының жеке мәліметтерін бақылау мақсатында жаңа мүмкіндіктерді іске қосты. Оның ішінде нақты аккаунтқа бекітілген мәліметтер тарихын тазарту да бар. Бұл туралы желі басшысы Марк Цукерберг айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

«Біз деректерді қорғауға адамның бақылауын күшейту үшін жұмыс істеп жатырмыз (GDPR — Еуроодақта қорғауды реттеудің жалпы ережелері)... біз жаңа инструменттер ұсынамыз... желіде аккаунт деректер тарихын тазарту мүмкіндігі болады», - деді ол Брюссельдегі Еуропарламентте.

Цукербергтің айтуынша, Facebook-тегі жалған жаңалықтар мен өтірік ақпарат тарататын фейк аккаунттарды жою үшін оның компаниясы жасанды интеллект (АІ) технологиясын қолданады.

«2017 жылы Францияда өткен президент сайлауының алдында біздің жүйеміз 30 мыңнан аса жалған парақшаны тауып, өшіріп тастады», - деді Цукерберг.

Дереккөз: Baq.kz

23 мамыр 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.