Атырау, 29 наурыз 15:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Шетелдік журналистер ядролық полигонның жабылуын көру үшін Солтүстік Кореяға аттанды

1 923 просмотра


20-дан аса шетелдік журналист Пекиннен Корей Халық Демократиялық Республикасына аттанды. Олар осы уақытқа дейін Жапония мен Оңтүстік Корея және АҚШ-тың дегбірін қашырған Пхунгери ядролық полигонының жабылуына куә болады. 

Алайда бұқаралық ақпарат құралдары арасында Оңтүстік Корея өкілдері жоқ. Бұл жағдайға байланысты сеулдіктер наразылық білдіріп үлгерді. 

Оңтүстік Кореяның ұлттық бірлестік министрлігі: «мәселе Пхеньян жақтан ешқандай әрекет болмағандықтан болды», – дейді. 

Сондай-ақ жолдауда Солтүстік Корея Корей түбегін жойқын қарудан азат аймақ ету және қос мемлекетте бейбітшілік орнату үшін тиісті қадамдар жасайтынына үміт артатынын жеткізді. Еске сала кетейік полигонның жабылуы 23 мамырдан 25-іне дейін өтеді деп жоспарланған. 

Бұл шараға Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Оңтүстік Корея журналистері қатысады деп хабарланған еді. Уилл Рипли, CNN тілшісі: - Не болатыны өзімізді де қатты қызықтырып тұр. Егер олар уәделерін орындап, полигонды жапса, бұл іс-сапардың ерекше болары сөзсіз.

Дереккөз: 24.kz

23 мамыр 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.