Атырау, 20 сәуір 15:48
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Тегеран Вашингтонды сотқа беретінін ескертті

1 551 просмотра


Ресми Тегеран АҚШ билігін сотқа беретінін айтып сес көрсетті. Оған Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранға жасалған қысым одан әрі жалғаса береді деген мәлімдемесі түрткі болды. 

Тегеранның пайымдауынша, Вашингтон осы әрекеті арқылы елдің ішкі ісіне араласып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Иранмен 2015 жылы қол қойған ядролық келісімнен бас тартып, оны қайта қарауды талап етті. 

Ал бірер күн бұрын Помпео 12 тармақтан тұратын жаңа талапты жариялады. Оның ішінде Иранның ядролық және зымырандық бағдарламасынан толықтай бас тарту мен Сириядан әскерін шығару бар. 

Ал Тегеран билігі Вашингтонның Иранға бұйыруға құқы жоқ деп отыр.

Дереккөз: 24.kz

23 мамыр 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.