Атырау, 16 сәуір 19:06
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Алматыда жоғалған баланың денесі кәріз шұңқырынан табылды

2 136 просмотра


Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар бүлдіршін Әрсен Көмектің денесі бес күннен соң лас су төгілетін шұңқырдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті. Оның айтуынша, бала жаман су толы шұңқырға құлап кетіп тұншығып өлген. 

«Баланың денесі үйінен аса алыс емес, Шаңырақ шағын ауданындағы жеке сектордағы үйлердің арасында кәріз суы жиналатын шұңқырдан табылды. Алдын ала зерттеу бойынша, бүлдіршін тереңдігі 1,5-2 метр болатын шұңқырға абайсызда құлап кеткен. Баланың тұншығып өлген. Ол үлкендердің қарауынсыз қалған», - деді Салтанат Әзірбек. 

Айта кету керек, 2014 жылы туған Әрсен Көмеков 17-мамыр күні Алатау ауданы Шаңырақ ықшам ауданында жоғалған болатын. Баланың туыстары өздері іздеп таба алмаған соң, түнгі сағат 10-ның кезінде полицияға хабарлаған.

Дереккөз: inform.kz

22 мамыр 2018, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.