Атырау, 28 наурыз 19:38
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Назарбаев қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады

Бейнежазба
2 469 просмотра


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеоны Президенттің YouTube хостингіндегі баспасөз қызметі жариялады. Мемлекет басшысының республикалық "Challenge Другой ты!" спорттық бастамасын қолдап, осы акция қатысушыларына арнап видеоүндеу жасағаны айтылады. 

Бұл бастаманың мақсаты - еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеу. 

Акция аясында қазақстандықтарды физикалық жаттығулар жасап, спортпен айналысуға ынталандыратын отандық белгілі спорт өкілдерінің, мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығу өткізу жоспарланған.



Дереккөз: tengrinews.kz

22 мамыр 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.