Атырау, 29 наурыз 06:50
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілді

1 386 просмотра


Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов уақытша жарысқа қатысу құқығынан айырылған. Boxrec.com сайты бірден төрт қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттан шеттетілгенін жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

Атап айтқанда, Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО), Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО), Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) және Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) бокспен уақытша қош айтысқан. 

Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының Тәжібайды жарысқа қатысу құғынан айыру мерзімі бүгін аяқталады, осы комиссия Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеткен. Шәрібаев пен (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловқа (19 маусымға дейін) қатысты шешімді Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қабылдаған.  

Санкцияға атақты боксшылар да ілінген: мысалы, Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО).

Шын мәнінде, бұл "шеттетулердің" ешқандай қаупі жоқ. Боксшыларға жақында өткізген жекпе-жектерінен кейін толығымен қалпына келу үшін медициналық сипатта шара қолданылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 мамыр 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.