Атырау, 19 сәуір 05:53
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Шри-Ланкада нөсер жауын 5 адамның өмірін қиды

1 882 просмотра


Шри-Ланкада нөсер жауын 5 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Шри-Ланкада найзағай ұрып, нөсер жауынның салдарынан көшкін жүріп, алдын ала мәліметтер бойынша, 5 адам мерт болған. Шри-Ланканың табиғи апаттарды басқару орталығы өкілдерінің хабарлауынша, көшкіннің салдарынан 2 адам, найзағай ұрып 3 адам мерт болды. 

Елде нөсер жауын 20 мамырдан бері толастар емес. Қауіпсіз аудандарға мыңнан астам адам көшірілді. 

Көшкін жүретіні туралы 5 округте ескерту жарияланды. Метеорологиялық басқарма өкілдері жергілікті тұрғындарды найғазайдың салдарынан сақтануға шақырды.

Дереккөз: inform.kz

22 мамыр 2018, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.